Амангелді асырлар торабында

По техническим причинам данная публикация доступна только на казахском языке. Помощь в переводе приветствуется.

«Ғасырлар өтеді, бірақ біздің республикамыздағы Кеңестік билік үшін табанды күрескерлердің есімдері жас ұрпақтың санасынан ешқашан өшпейді. Бостандық үшін өмірін берген, революцияның жеңісі үшін ерлікпен шайқасқандар жайлы жарқын естеліктер алдында бас иеміз».

Қиын заман: соғыс, революция, экономикалық дағдарыс. Жиырмасыншы ғасырдың басы Қазақстан даласында көптеген көрнекті тұлғаларды тудырды. Халық үшін, ел үшін, жер үшін жан-тәнін аямай шайқасқан батырлар да аз болмады. Сол батырлардың бірі Амангелді Имановтың қазақ тарихында, еңбекшілердің күрес тарихында орны бөлек. Оның әскери білімі болмаса да, таттанған мылтық пен қылыш асынған шаруалар мен малшыларды біртұтас күшке айналдырды. Сол күшпен пулемет оғы астында Торғайға шабуыл жасап, оны азат етті. Бүгін, жолдас, біз Амангелдінің хикаятын баяндаймыз. Бүгін 1916 жылғы көтеріліс жайлы баяндаймыз.
Амангельді Иманов қазақ халқының көрнекті де әйгілі батыры, 1916 жылғы Торғай көтерілісінің көсемі, ең бірінші қазақ-коммунистердің бірі. Өзінен кем түспейтін Әліби Жангелдин екеуі Торғайда кеңестік билік орнатты. 1919 жылы опасыздықпен алашордашылардың қолынан қаза тапты.

Иманов 1873 жылы 3 сәуірде Қайдауыл болысында, Торғай уезінде, қазіргі Қостанай облысының Амангелді ауданында дүниеге келген. Руы – ұзын қыпшақ. Әкесі Үдербай кедей болған. Ауылмен көшіп-қонуға малы аз болғандықтан, Байқоңырға көшеді, егін егіп, аң аулап күнін көреді. Сол жерде Имановтың жастық шағы өтеді. Әкесінен сегіз жасында айырылған ол ерте есейеді. Болашақ батыр мерген, шабандоз, жігерлі, еркіндікті жақсы көретін сері болып өседі. Оған қоса ауыл мектебінде әрі медреседе сауат ашқан. Түрік, парсы, араб, орыс тілдерін үйренген.

Амангелді кедей болды, байлардың озбырлығын, феодалды патриархалды қауымның қанауын өз арқасымен сезді. Дәстүр бойынша қалың мал төлей алмай, сүйгені Зылихадан айырылды: әкесі Зылиханы бай әрі би Бектібайға тұрмысқа берді. Осыдан бері Амангелді өзі сияқты кедейлерді қанап, тонап жатқан бай-феодалдар мен патша үкіметіне қарсы күресе бастайды. Тауытбай екі жыл мал баққаны үшін Амангелдіге кәрі бие беріп, ақысын жегенде, оған дым демей, сол жерде биені бауыздап, келесі түні байдың ең жүйрік сәйгүлігін алып қашты. Ал бір күні оның үйіне жалшылар келіп, олардың еңбегін қанап отырған байға шағымданады. Амангелді байдың ауылына барып, жалшылардың ақысын толық төлеткізді. Осыдан Амангелдінің байлар мен патшаның малайларының озбырлығы мен опасыздығына қарсы күрескер, халықтың қамын ойлайтын қаһарман ретінде даңқы шығады.

Торғай, Ырғыз, Қостанай уездерінің түкпір-түкпірінен Амангелдіге қарапайым халық әділет іздеп келеді. Байлардың озбырлығымен күресте бірде күшке жүгініп, бірде қорқытып, бірде барымталап кедейлерді қорғады. Байларды ел алдында мазақ қылып, ар-ұятын оятып, тәубеге шақырады. Билер сотын жек көрген Амангелді, кедейлерді одан сақтындырып, - «Биге сенуге болмайды. Би әр істе байды қолдайды. Берері жоқ кедейді қолдап несі бар дейсіңдер? Ал байдан болса әр-түрлі сый-сияпат алады.», - деген сөздері бар.

Байлар, билер, болыс басылары болса жауап ретінде оны жек көрген, одан қорыққан. Бірнеше рет оны өлтірмек болған, абақтыға қамамақ болып, патшаның малайларына арыз жазған, оны «күйгелек» және «сенімсіз» адам деп, қазақ даласынан жер аударып жібергісі келген.

1905-1907 жылдардағы революция барысында революционер Амангелдінің тұлғасы қалыптаса бастады. Ол енді патша мен байлардың билігімен саналы түрде күресе бастайды. Бай-феодалдар мен отарлық билік жойылмайынша, әділетсіздік жойылмайтынын, қарапайым халықтың азабы тоқтамайтынын түсінеді. Большевиктердің бастауымен өткен Орынбор, Қарағанды, Петропавл қалаларының жұмысшыларының, Орынбор-Ташкент, Сібір темір жол жұмысшыларының ереуілдері, қазақ халқының арасындағы ұлт-азаттық қозғалыстың өршуі – бұның бәрі, әрине, Амангелді санасында терең із қалдырды. Ол болып жатқан үдерістің мағынасын, себептерін түсінуге тырысты. Солай ол революциямен және большевиктермен танысты.

Ереуілге шыққан жұмысшылармен тілдесіп, большевик Виноградов пен Головановтың сөз сөйлеуін тыңдап, большевиктік «Орал» газетін оқып, Амангелді өзінің ұлттық және саяси сана-сезімін көтерді.

1914 жылдың басында, соғыс басталмай тұрып, Амангельді Петербургке жолға шықты. Плевако атты атақты заңгерді іздеді. Бірақ ол оның бұдан алты жыл бұрын қайтыс болып кеткенің білмеді. Сонда да сапары зая кеткен жоқ. Патшаның астанасың шулы өмірі оған үлкен әсер етті. Көргенін күнделігіне жазды. Ол өзінің жазбаларында өте қызықты сұрақтар жайлы ой қозғайды, қазақ халқының отар болу тарихын баяндайды, Ресей Империясының қысқаша қысқаша тарихын жазады. Бұл күнделік Амангелдінің өте сауатты және зияткер адам екенінің дәлелі. Күнделігінде батыр патшаның байлығына тамсанып, - «Патша айына екі мың рубль жалақы алады екен, жылына жиырма төрт мың, ал күніне 66 рубль 66 тиін. Оған қоса патшаның өзінікінен басқа әкесінен қалған 1040 үйі бар», - деп жазады.

Петербургтен қайтқан соң, Амангельдінің өмірінің жаңа тарауы ашылды. Соғыста патша әскерлерінің жағдайы нашар болды, адам, снаряд, астық жетпей жатты. Ресей Империясының түкпір-түкпірінде феодалдық билікке қарсы, байлардың озбырлығына қарсы наразылық күшейе бастады. Қарапайым халық 12-14 сағат бойы жұмыс істеп, ашығып жүргенде, бұл соғыстан пайда көріп отырған шенеуліктер мен байлар той тойлап, рахат өмір сүрді. Бұл халықтың ызасын одан бетер күшейтті.

Осы кезден бастап Амангельдінің хикаяты оның өмірлік досы, жолдасы Аліби Жангелдинмен байланысты. Олар жастайын таныс еді. Жангелдин саналы күреске Имановтан ерте келіп, қуғын-сүргінге ұшырап, ел аралап кетті. 1912 жылы Жапония арқылы Владивостокқа келіп, туған өлкесіне, қазақ даласына қайтады. Амангельдімен кездесіп, оған өз саяхаты жайлы баяндайды, Ленинмен кездесуін айтып береді. Сөйтіп екеуі бірігіп күрес жүргізеді. Бұл күресте, әрине, басты рөл үгіт-насихатта болды. Байлардың, патшаның қулығын әшкерелеп, кедейлерді күреске баулыды. Бұл істе оларға Аліби саяхатында сатып алған кино-аппараты өте үлкен көмек көрсетті. Кино көруге ауылдың бәрі жиналатын, бұны қолданған қос батыр оларды үгіттеп, насихаттайтын. 1913 жылы Аліби қайтадан қашуға мәжбүр болды. Амангельді екеуі хатт алысып тұрды. 1915 жылы большевиктер партиясының мүше болды. Осылай олар 1916 жылға да жетеді.

1916 жылғы Түркістандағы көтеріліс бірнеше жерде бірдей басталды. Көтерілістің себептері терең бойлап кіші жүздың Ресейдің қол астына өтуіне дейін барады. Бірақ оған сылтау болған патшаның түземдік халықтарды тыл жұмыстарына тәркілеу жайлы жарлығы шығады. Иә, ол тыл жұмыстарына шақыру, мобилизация деп аталған жоқ. Ресми түрде шығарылған жарлықта «тәркілеу» деп жазылған болатын. Бұл шовинистік патша үкіметінің отарланған халықтарға деген көзқарасын анық көрсетеді.

Көтерілістің нағыз себептері, материалистік себептері бұған дейін көптеген ғылыми жұмыстарда қарастырылған болатын. Ол жұмыстар «тәуелсіз» Қазақстанда емес, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында жазылған болатын. Қазіргі оқулықтарда, ғылыми мақалалармен жұмыстарда бұл көтеріліс тек қана ұлт-азаттық көтеріліс ретінде суреттеледі. Таптар арасында күрес ретінде көрсетуден қорқады, сондықтан ол жайлы ештене жазбайды. Ол көтерелістің басты көсемдері большевиктер болғандықтан, олар жайлы да бірнеше сөйлем айтып қана кетеді. Ал кезінде, біздің ата-әжелеріміз, әке-шешеліріміз оқыған оқулықтарда бұл көтеріліс жайлы қырық бет жазылған, егжел-тегжейлі қарастырылған.

Кейбір надандардың жалған түсініктері қарамастан, жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ қоғамы өте аздаған байлардан(оның ішінде, билер мен болыс басылары да бар) және көптеген қаналған, азапталған және тоналған бұқара халықтан тұрды. Байлардың озбырлығы, тонаушылығы мен опасыздығы көптеген тарихи құжаттарда ғана емес, әдеби шығармаларда да анық бейнеленген. Оның ішінде өзіме жақын Әбділжәміл Нүрпейісовтің «Қан мен тер» кітабін ұсына аламын.

Кедейлердің хәл-жағдайы өздерінің феодал-байлардаң ғана емес, оған қоса отарлаушы Ресей Империясынан да тәуелді болды. Жергілікті байлар болыс басылары мен билер патшы үкіметіне өз-халқын тонауға, қанауға көмектесіп, қызмет атқарды. Әрине, ол қызметінің ақысы ретінде ол байлар қоғамдағы өз орындарын сақтап қалды, Империяның құрылымына интеграцияланды.

Патша үкіметі жүйелі түрде құнарлы жерлерді өз меншігіне тәркілеу жүргізді. Ол жерлерге Империяның ішкі аудандарындағы жер дағдарыс сәл де болса жеңілдету үшін шаруаларды көшірді. Бұлай отарлаудың тағы бір себебі; бір-біріне жат көшіп-келген шаруалар мен жергілікті халық арасына іріткі салып, көшіп-қонушыларға өз билігінің бір тіреуі ретінде сүйену болды.

Егерде патша үкіметі ең құнарлы жерлерді тәркілеп алса, одан қалған егіндікпен жайлауларды өзімізді қазақтың байлары иемденіп алған болатын. Қазақтың кедей шаруасын баратын жері, жүгінетін төресі қалмады. Қалаға барып, жаңадан пайда болып келе жатқан өнеркәсіп мекемелерінде 10-12 сағаттап жұмыс атқарып, әрең дегенде күнін көріп жүргендер де болды. Оған қоса қазақ даласында әр-түрлі алып-сатар спекулянттар толы болды. Оларда халықты тонаушылықпен айналысты.

Столыпинның реформолары жер тәркілеуін одан сайын үдетті. Нәтижиесінде Орталық Азияға 500 мыңнан астам шаруа қожалықтары көшірілген болатын. Әрине, оларды жергілікті халықтан тартып алынған өнімді жерлерге орналастырды. 1914 жылы түліктерді жаппай реквизициялау басталды. 1915 жылы Екібастұз жұмысшылары бірнеше рет ереуілге шықты, Орынбордағы большевиктер жұмысшылар демонстрациясын өткізді. 1916 жылдың бірінші жартысында әскерге күштеп алып кетілген сарбаздардың әйелдері Қостанай, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Зайсан, Верный қалаларында көшеге шығып, соғысқа қарсылық білдірді. Демонстрацияға қатысушы әйелдерді ұрып-соғып, Ақпан революциясына дейін түрмеде қамап ұстады.

1916 жылдың 28 маусымында Патшаның казақ халқының тыл жұмыстарына тәркіленуі жайлы үкімі Орынборға жетеді. Торғай облысының әкімшілігі болыс пен ауыл басылараның жиналысың шақырып, мобилизация өткізу жайлы үкім алады. Байлар мен билер Торғай облысының губернаторы Эверсманды қолдап, оған халықты «тәркілеуге» барынша көмек беретіне уәде береді. Айта кетейік, онбаған опасыз мәңгүрттер уәдесінде тұрды. Бірден қызу қанды жұмысқа кірісіп, мобилизацияға жарымды жастардың тізімін жасай бастады. Өздерінің туыстарын, бала-шағасын әрине олар соғысқа жіберуді ойламады. Тек қана кедейлерді. Көптеген байлар өздерінің немесе отбасы мүшелерінің орнына кедейлерді күштеп жазды, әскери қызметке жарамсыз деген анықтамалар сатып алды. Бір сөзбен айтқанда, кедей халықты барынша өлімге итеріп, өз қара қамын ғана ойлады. Бұл әрине бұқара халықтың наразылығын тудырды. Бүкіл Орта Азия бойынша көтерілістер басталды; Тәжікстанда, Жетісуда, Қарқарада, Ақмола мен Самарқан, Ферғанада. Және, әрине, Торғайда.

Тағы да маңызды жайт бұл буржуазиялық қазақ интеллегенциясы болды. Бұл адасқан кісілер ұлттық бостандықты тек қызмет арқылы, келесім арқылы ала аламыз деп жалғанға сенді. Ауыл аралап, халықты әскерге баруға, патша үшін соғысуға үгіт насихаттады. Бірақ халық көнбеді, оларды тындамады, артынан ермеді.

Бұл уақытта Амангелды нағыз коммунист болды десе болады. Ол Жангилденмен ғана емес, көптеген орыс халқынан шыққан коммунистермен достасты: Иван Деев, Лаврентий Таран, Андрей Жиляев, Иноземцев, Денисов, Гусман және т.б. Мобилизация басталағанда, Иманов Деевтен ақыл-кеңес сұрап келеді. Деев, әрине, күресі керек деп кеңес береді. Амангелды үстелді бір ұрып, «дұрыс» деп жауап беріпті. Осыдан халық қаһарманы көтеріліс басшысына, патша үкіметі мен қазақ байларының ең үлкен қатеріне айналды.

Амангелды Торғай уезінің жігіттерін бастады, Ырғыз, Ақтөбе, Атбасар, Перов уездерінің көтерелісшілерін бірігуге, бірге саналы күрес жүргізуге шақырды. Уезд басшылары губернатор Эверсманға көтерісшілер пошта жабуыл жасайды, темір жол рельстерін бұзды, болыс басшыларын өлтіріп жатыр деген хабарламалар жібере бастайды.

Хабарламалар бойынша, көтеріліске бүкіл бұқара халық шыққан. Ал Амангелды жасағы әрекет етіп жатқан Торғай уезінде патша билігіне ең үлкен қауіп төнді.

----
@RedYurt
----
#Қазақстан #Амангелді #1916 #Азаматтық_соғыс #тарих
Қазақстанның Еңбекшілер Ұйымы/ Қызыл Отау
Организация Трудящихся Казахстана/Красная Юрта

Амангелді асырлар торабында СССР, Казахстан, История, История СССР, Гражданская война, Длиннопост